Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жайлы: Артық ысырапшылдыққа жол берілмейді

2021 жылғы 26 қаңтар 13:55
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жайлы: Артық ысырапшылдыққа жол берілмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біздің мақсатымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыру. Мемлекетік органдардың әрбір шешімі, әрбір әрекеті экономиканы дамытуға және халықтың игілігіне арналуға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысын осы сөздермен түйіндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай қолға алынған реформаларды қарқынды түрде жүзеге асыруымыз керек. Мерейтой кезінде артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді. Біз осы шаралар арқылы бірлік пен келісімді нығайтып, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизмді дамытуға тиіспіз. Оларды егемендігіміздің және мемлекеттіміздің құндылықтарын бағалай білуге үйретуіміз қажет. Сондықтан мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда қазіргі идеологиялық бағдарламаларды нақты атап көрсеттім. Біздің мақсатымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыру. Мемлекетік органдардың әрбір шешімі, әрбір әрекеті экономиканы дамытуға және халықтың игілігіне арналуға тиіс. Бұл біздің қолымыздан келеді», - деп сөзін түйіндеді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онлайн форматтағы жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланды.