Жаңалықтар

Қаулы жаңартылды: Нұр-Сұлтан қаласында жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

2021 жылғы 15 қаңтар 18:50
Қаулы жаңартылды: Нұр-Сұлтан қаласында жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы қаулы жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтемемен.

Оның ішінде: Ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіру; Қалалық қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс және сенбі күндері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салу; Сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын жұмыс уақыты өткеннен кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және демалыс күндері (оларда орналасқан дәріханалар және тамақ өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі заттарды сататын шағынмаркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, авто-экспресстің және тамақты жеткізудің жұмысын штаттық режимде ұйымдастыру қарастырылған.