Жаңалықтар

Шекарадан өтпек болған ШҚО тұрғынынан коронавирус табылды

2021 жылғы 15 қыркүйек 14:21
Шекарадан өтпек болған ШҚО тұрғынынан коронавирус табылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Аймақта шекарада бір тәулікте Қазақстанның 2 азаматы карантинге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір тәуліктің ішінде ПТР-тексерудің теріс нәтижесі бар анықтама ұсынбаған РФ-ның үш азаматына елге кіруге тыйым салынды», - деп хабарлады Павлодар облысының санэпидқадағалау департаменті. Эпидемиологтардың айтуынша, соңғы тәулікте мемлекеттік шекара арқылы Павлодарға 510 адам өткен. Карантин стационарына 2 қазақстандық жіберілді. «Ұрлытөбе» көлік өткізу бекетінде Өскемен қаласының тұрғынынан симптомсыз COVID-19 табылды. «Шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап облысқа 194 286 адам келді, оның 102 127-сі –халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізуші, 92 159-ы – жолаушы. 41 053 ПТР тексеріс жүргізілді, 263 симптомсыз «сырттан әкелінген» жағдай анықталды», - деп атап өтті ведомство.