Жаңалықтар

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

2021 жылғы 17 маусым 09:05
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. Айта кетейік, соңғы үш күнде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасындағы көрсеткіш өзгерген жоқ.