Жаңалықтар

Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетеді

2021 жылғы 7 мамыр 13:35
Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парқшасында Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім және елімізде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараттарын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырғанын жазды.