Жаңалықтар

Қазақстанда 1,1 мың науқас коронавирустан үйінде емделіп жатыр

2022 жылғы 1 қазан 11:23
Қазақстанда 1,1 мың науқас коронавирустан үйінде емделіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 1 қазандағы ақпарат жарияланды.

Соңғы мәлімет бойынша, 1 276 адам коронавирус инфекциясынан (–1 150+ және 126 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 134 пациент стационарда, 1 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: - 4 адамның жағдайы ауыр - 5 пациенттің жағдайы өте ауыр - 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.