Жаңалықтар

Қазақстанда 101 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

2021 жылғы 10 сәуір 09:50
Қазақстанда 101 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 101 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса, 170 адам емделіп шықты. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1 тамыздан бері барлығы: ауырды – 51 260, қайтыс болды – 722, жазылып шықты – 49 818 адам.