Жаңалықтар

Қазақстанда 124 мың сырқат коронавирустан емделіп жатыр

2022 жылғы 21 қаңтар 09:10
Қазақстанда 124 мың сырқат коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 21 қаңтардағы ақпарат мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

21 қаңтардағы мәлімет бойынша, 124 744 адам коронавирус инфекциясынан (–123 205+ және 1 539 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 8 929 пациент стационарда, 115 815 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: • 396 адамның жағдайы ауыр • 88 пациенттің жағдайы өте ауыр • 57 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.