Жаңалықтар

Қазақстанда 159 мың адам коронавирустан ем қабылдауда – министрлік

2022 жылғы 27 қаңтар 08:45
Қазақстанда 159 мың адам коронавирустан ем қабылдауда – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус науқастарына қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 қаңтардағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 159 223 адам (–157 819+ және 1 404 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 137 пациент стационарда, 149 086 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында: - 385 адамның жағдайы ауыр; - 129 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 81 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.