Жаңалықтар

Қазақстанда 2 719 987 адам КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

2021 жылғы 19 маусым 09:29
Қазақстанда 2 719 987 адам КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 19 маусымдағы мәлімет бойынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 2 719 987 адам салдырды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды. Сондай-ақ коронавирус инфециясына қарсы вакцинаның екінші компонентін елде 1 625 866 адам салдырды.