Жаңалықтар

Қазақстанда 25 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

2021 жылғы 20 қаңтар 09:06
Қазақстанда 25 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –20 қаңтардағы мәліметтер бойынша Қазақстанда 25 038 адам короновирус инфекциясынан (13 404 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы деректерге қарағанда, емделіп жатқандардың ішінде ішінде 6 522 пациент стационарда, 18 516 науқас амбулаториялық жағдайды ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 307 адамның жағдайы ауыр; • 61 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 34 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.