Жаңалықтар

Қазақстанда 27 мың науқас коронавирустан емделіп жатыр

2021 жылғы 27 қаңтар 10:00
Қазақстанда 27 мың науқас коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 27 қаңтардағы коронавирус инфекциясымен ауырып жатқандар туралы соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 119 адам короновирус инфекциясынан (15 451 КВИ+ және 11 668 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 6 492 пациент стационарда, 20 627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирусқа шалдыққандар арасында: • 266 адамның жағдайы ауыр; • 39 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.