Жаңалықтар

Қазақстанда 43 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

2021 жылғы 6 мамыр 08:50
Қазақстанда 43 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 6 мамырдағы мәлімет бойынша, 43 253 адам коронавирус инфекциясынан (42 792 КВИ+ және 461 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 14 489 пациент стационарда, 28 764 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 780 адамның жағдайы ауыр, • 195 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 121 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.