Жаңалықтар

Қазақстанда 5,5 млн адам вакцина салдырды

2021 жылғы 5 тамыз 09:10
Қазақстанда 5,5 млн адам вакцина салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 5 584 190 адам вакцинаның I компонентін егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 5 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 584 190 адам коронавирус вакцинасын салдырды, II компонентпен 4 148 969 адам», делінген хабарламада. Еске сала кетсек, СҚО-да 154 мыңға жуық адам вакцинацияның толық курсынан өтті. 7 тамызда елордада вакцинацияланғандар арасында бес iPhone 12 ойнатылады. Сонымен қатар, Қызылорда облысы вакцина салу жөнінен алдыңғы қатарда келеді.