Жаңалықтар

Қазақстанда 650 бала коронавирустан емделіп жатыр

2020 жылғы 24 қараша 09:04
Қазақстанда 650 бала коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты 24 қарашадағы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 218 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 650 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 7 929 адам амбулаторияда емделіп жүр. Жалпы науқастардың арасында 211 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 28 науқастың жағдайы өте ауыр. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.