Жаңалықтар

Қазақстанда 816,3 мың жасөспірім коронавирус вакцинасын алды

2022 жылғы 24 сәуір 09:17
Қазақстанда 816,3 мың жасөспірім коронавирус вакцинасын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 816 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы вакциналанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды коронавирусқа қарсы «Pfizer» препаратымен егу жалғасуда. 23 сәуірдегі мәліметке сәйкес, вакцинаның І дозасын 1 043 509 адам, ІІ дозасын 894 528 адам салдырды. Оның ішінде, І компонентімен егілді: - жасөспірім – 816 369, - жүкті әйел – 37 771, - бала емізетін әйел – 135 030. ІІ компонентімен егілді: - жасөспірім – 739 445, - жүкті әйел – 32 409, - бала емізетін әйел – 117 429.