Жаңалықтар

Қазақстанда бала емізетін 63 мыңнан астам әйел коронавирусқа қарсы екпе алды

2022 жылғы 18 қаңтар 08:41
Қазақстанда бала емізетін 63 мыңнан астам әйел коронавирусқа қарсы екпе алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі елімізде вакцина алғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда екпенің I компоненті 9 072 044 адамға салынды, II компонентін салдырғандар саны - 8 630 788. 17 қаңтарда Pfizer вакцинасының I дозасын 452 874 адам, ІІ дозасын 236 773 адам салдырды. Оның ішінде: І компонент - Жасөспірімдер – 364 591, - Жүкті әйелдер – 24 813, - Бала емізетін әйелдер – 63 430. ІІ компонент - Жасөспірімдер – 191 154, - Жүкті әйелдер – 12 302, - Бала емізетін әйелдер – 33 311.