Жаңалықтар

Қазақстанда бассейндер қашан ашылады

2020 жылғы 14 тамыз 13:37
Қазақстанда бассейндер қашан ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда бассейндерді ашу мәселесі қашан қаралатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, бассейндерді ашу карантиндік шараларды жеңілдетудің екінші кезеңінде қаралады. Яғни, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы мен оның жақсаруына айрықша екпін қойылады.

«Бассейндерге айтарлықтай қатаң талаптарды қоямыз. Сәйкесінше, бизнес-қоғамдастық бұл талаптарға дайын болуы тиіс», - деді ол.

Айта кетейік, 13 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.