Жаңалықтар

Қазақстанда бір күнде 16 науқас пневмониядан қайтыс болды

2021 жылғы 3 тамыз 08:33
Қазақстанда бір күнде 16 науқас пневмониядан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 тамыздағы коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.

1 тамыз күні коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы және 16 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 87 адам емделіп шықты. 2020 жылғы наурыздан бергі статистика: ауырғандар - 61301, 3756 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54851 жетті.