Жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте 1180 адам коронавирус жұқтырды

2021 жылғы 21 қаңтар 08:00
Қазақстанда бір тәулікте 1180 адам коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 1180 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 237, Алматы қаласы - 115, Шымкент қаласы - 14, Ақмола облысы - 132, Ақтөбе облысы - 10, Алматы облысы - 82, Атырау облысы - 82, Шығыс Қазақстан облысы - 31, Жамбыл облысы - 25, Батыс Қазақстан облысы - 55, Қарағанды облысы - 71, Қостанай облысы - 67, Қызылорда облысы - 6, Маңғыстау облысы - 17, Павлодар облысы - 140, Солтүстік Қазақстан облысы - 78, Түркістан облысы - 18. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 172412.