Жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте 1548 адамнан коронавирус анықталды

2021 жылғы 23 қаңтар 08:00
Қазақстанда бір тәулікте 1548 адамнан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 1548 адамнана коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 235, Алматы қаласы - 130, Шымкент қаласы - 8, Ақмола облысы - 209, Ақтөбе облысы - 11, Алматы облысы - 83, Атырау облысы - 104, Шығыс Қазақстан облысы - 52, Жамбыл облысы - 27, Батыс Қазақстан облысы - 74, Қарағанды облысы - 78, Қостанай облысы - 170, Қызылорда облысы - 3, Маңғыстау облысы - 11, Павлодар облысы - 226, Солтүстік Қазақстан облысы - 116, Түркістан облысы - 11. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 175390.