Жаңалықтар

Қазақстанда биыл 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу көзделген

2021 жылғы 19 қаңтар 09:31
Қазақстанда биыл 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу көзделген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда биыл 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл соңына дейін 6 миллионға жуық қазақстандық азаматқа вакцина салу көзделген. Вакциналардың сапасын қамтамасыз ету үшін өндірушіден медицина ұйымдарына дейін арнайы стандарт жауапкершілік жүктелетін азаматтарды белгілейді», - деді деді Алексей Цой Үкімет отырысында. Вакцинаны жеткізу легі 4 кезеңнен тұрады. • Бірінші кезең - өндірушіден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына дейін жеткізу; • Екінші кезең – бірыңғай дистрибьютордың қоймасынан Денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасына дейін жеткізу; • Үшінші кезең - денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасынан аудандар мен қалалардың медицина ұйымдарына дейін жеткізу; • Төртінші кезең – медицина ұйымдарында осы вакциналарды сақтау. Айта кетейік, бұған дейін министр вакцина 1 ақпаннан бастап егілетінін және ең алдымен кімдерге салынатынын айтқан болатын.