Жаңалықтар

Қазақстанда қанша ана мен бала коронавирусқа қарсы екпе алған

2022 жылғы 28 қыркүйек 09:01
Қазақстанда қанша ана мен бала коронавирусқа қарсы екпе алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 10 834 341 адам, екіншісін 10 590 214 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 қыркүйекте «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 239 583 адам, ІІ дозасын 1 201 705 адам салдырды. Оның ішінде: І компонент - Жасөспірімдер – 874 785 - Жүкті әйелдер – 41 708 - Бала емізетін әйелдер – 145 491. ІІ компонент - Жасөспірімдер – 860 945 - Жүкті әйелдер – 39 650 - Бала емізетін әйелдер – 142 088.