Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус бір тәулікте 164 адамнан анықталды

2020 жылғы 24 қазан 08:41
Қазақстанда коронавирус бір тәулікте 164 адамнан анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен бір тәулікте коронавирус індеті 164 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

23 қазандағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, ө ткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңадан 164 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавируске шалдыққандар саны жалпы 110 250 жетті. Өңірлер бойынша: Алматы қаласында - 14627(+20), Нұр-Сұлтан қаласында -14395(+22), Атырау облысында - 11249(+8), Қарағанды облысында - 10480(+16), Шығыс Қазақстан облысында - 9115 (+25), Батыс Қазақстан облысында - 6953(+10), Шымкент қаласында -5222(+2), Алматы облысында - 5069(+10), Солтүстік Қазақстан облысында - 4346(+10), Жамбыл облысында - 4165(+2), Павлодар облысында - 4131(+16), Ақмола облысында - 3608(+10), Қостанай облысында - 3575(+7), Түркістан облысында - 3405(+5), Маңғыстау облысында - 3378(+1), Ақтөбе облысында -3280(+0), Қызылорда облысында -3252(+0).