Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус бір тәулікте 2,7 мың адамнан анықталды

2022 жылғы 4 тамыз 08:22
Қазақстанда коронавирус бір тәулікте 2,7 мың адамнан анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 3 тамыздағы тәулік ішінде коронавирус инфекциясы 2792 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 847, Алматы қаласында - 435, Шымкент қаласында – 41, Ақмола облысында – 123, Ақтөбе облысында – 70, Алматы облысында - 57, Жетісу облысында - 122, Атырау облысында - 63, Шығыс Қазақстан облысында - 36, Абай облысында - 43, Жамбыл облысында - 59, Батыс Қазақстан облысында - 134, Қарағанды облысында - 361, Ұлытау облысында - 62, Қостанай облысында - 87, Қызылорда облысында - 42, Маңғыстау облысында - 41, Павлодар облысында - 99, Солтүстік Қазақстан облысында - 53, Түркістан облысында - 17. Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 360 068 адамда тіркелді.