Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

2021 жылғы 3 наурыз 09:00
Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Наурыздың 3-і күнгі ақпарат бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 65 жағдайы және 2 өлім тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Оған қоса 221 адам емделіп шықты. 2020 жылдың тамыз айынан бері елімізде коронавирус пневмониясымен 49372 адам ауырып, 630 адам қаза тапты. Ал жазылып шыққандар саны 42741-ді құрап отыр.