Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды

2021 жылғы 25 ақпан 08:34
Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 ақпан күні Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 74 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса, 211 адам емделіп шықты. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, 1 тамыз - 23 ақпан аралығында коронавирус пневмониясымен 49 121 адам ауырды, 619 науқас қайтыс болды, жазылып шыққандардың саны - 41 421 жетті.