Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды

2021 жылғы 11 сәуір 09:51
Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 102 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 159 адам емделіп шықты. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1 тамыздан барлығы: ауырды – 51 362, қайтыс болды – 727, жазылды – 49 977 адам. Айта кетейік, 8 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 101 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелген болатын.