Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 670 болды

2020 жылғы 7 сәуір 08:36
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 670 болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тағы 8 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, 7 сәуір 08:35 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 8 адам тiркелген: Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Атырау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 4 адам.⠀

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 48 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 32 адам, Жамбыл облысында - 40 адам, Шымкент қаласында - 19 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 54 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 670 науқас бар.