Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді

2021 жылғы 11 сәуір 08:00
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанда 2842 адамда коронавирус ПТР-талдау арқылы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Алматы қаласында - 41079 (+709), Нұр-Сұлтан қаласында – 35592 (+591), Шығыс Қазақстан облысында - 23319 (+60), Павлодар облысында - 19475 (+42), Атырау облысында - 19872 (+131), Қарағанды облысында - 19096 (+210), Ақмола облысында – 16100 (+103), Батыс Қазақстан облысында – 16267 (+127), Алматы облысында - 16589 (+355), Қостанай облысында - 14161 (+33), Солтүстік Қазақстан облысында - 13323 (+46), Шымкент қаласында -7557 (+88), Жамбыл облысында – 6739 (+49), Ақтөбе облысында - 6604 (+202), Түркістан облысында – 4685 (+24), Маңғыстау облысында - 4689 (+30), Қызылорда облысында - 4372 (+42). Айта кетейік, 9 сәуірде коронавирус – 2440, 10 сәуірде 2734 адамда анықталған болатын. Жалпы, пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны – 269 519.