Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды

2021 жылғы 24 ақпан 08:00
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 93, Шымкент қаласы - 6, Ақмола облысы - 63, Ақтөбе облысы - 9, Алматы облысы - 39, Атырау облысы - 38, Шығыс Қазақстан облысы - 73, Жамбыл облысы - 18, Батыс Қазақстан облысы - 65, Қарағанды облысы - 59, Қостанай облысы - 68, Қызылорда облысы - 14, Маңғыстау облысы - 5, Павлодар облысы - 90, Солтүстік Қазақстан облысы - 39, Түркістан облысы - 6. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 209562.