Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа қарсы 1,3 миллионға жуық адам егілді

2021 жылғы 11 маусым 10:06
Қазақстанда коронавирусқа қарсы 1,3 миллионға жуық адам егілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 11 маусымдағы мәліметіне сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын 1 297 662 адам алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, вакцинаның I компонентімен 2 416 430 адам, II компонентімен 1 297 662 адам егілді. Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алған ең көп тұрғындар: Алматы қаласында – 220 729, Алматы облысында – 149 998, Қарағанды облысында – 117 797, Нұр-Сұлтан қаласында – 115 818 және Шымкент қаласында 104 894 тікерлген. Айта кетейік, бір тәулікте елімізде коронавирус вакцинасының ІІ дозасын алғандар саны 33 451 адамға артты.