Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны артты

2023 жылғы 19 қаңтар 09:15
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны артты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 101, коронавирус белгілері бар пневмонияға 4 адам шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жалпы, 19 қаңтардағы мәлімет бойынша, коронавирустан 1 967 адам (коронавирус (КВИ+) –1 820, пневмония (КВИ-) – 147) емделуде. Олардың ішінде 154 пациент стационарда, 1 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 9 адамның жағдайы ауыр, - 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Еске салайық, 17 қаңтардағы тәулік ішінде кронавирус - 70, пневмония 9 адамнан анықталған болатын. 16 қаңтарда коронавирусқа - 53, пневмонияға 7 адам шалдыққан еді.