Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны едәуір азайды

2023 жылғы 15 қаңтар 09:50
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны едәуір азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанда 70 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

15 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 200 адам коронавирус инфекциясынан (–2 051+ және 149 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 220 пациент стационарда, 1 980 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. «КВИ-ге шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.