Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан 1,3 мың адам жазылды

2022 жылғы 2 тамыз 08:27
Қазақстанда коронавирустан 1,3 мың адам жазылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 1358 адам жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 759, Алматы қаласында - 274, Атырау облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 9, Абай облысында - 4, Жамбыл облысында – 9, Батыс Қазақстан облысында - 22, Қарағанды облысында - 212, Ұлытау облысында - 3, Маңғыстау облысында - 31, Павлодар облысында - 12, Түркістан облысында - 20. Өткен тәулікте індет 2021 адамнан анықталды. Жалпы пандемия басталғалы коронавирус елімізде 1 354 615 адамнан анықталса, соның ішінде 1 313 820 адам сауықты.