Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан 37 бала емделуде

2020 жылғы 26 қыркүйек 11:49
Қазақстанда коронавирустан 37 бала емделуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 3 410 адам, оның ішінде 37 бала емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таратпау туралы ВАК хабарламасына сілтеме жасап.

Стационарларда – 1 809 пациент, амбулаториялық деңгейде – 1 601 пациент бар. 92 адамның жағдайы ауыр, 16 – аса ауыр дәрежеде, 23 - ӨЖЖ аппараттарында.