Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 103 науқастың жағдайы өте ауыр

2021 жылғы 19 маусым 09:12
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 103 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 21 280 адам коронавирус инфекциясынан (–20 066 + және 1214 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 6 327 пациент стационарда, 14 953 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 445 адамның жағдайы ауыр, • 103 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 65 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.