Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 1677 адамның жағдайы ауыр

2021 жылғы 31 шілде 08:40
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 1677 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 31 шілдедегі мәлімет бойынша, 95 998 адам коронавирус инфекциясынан (–93 366 + және 2 632 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың ішінде 27 004 пациент стационарда, 68 994 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 1 677 адамның жағдайы ауыр, • 349 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 334 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр