Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 168 пациенттің жағдай өте ауыр

2021 жылғы 16 сәуір 09:05
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 168 пациенттің жағдай өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 16 сәуірдегі ақпарат бойынша, 36 868 адам короновирус инфекциясынан (36 393 КВИ+ және 475 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Емделіп жатқандардың арасында 12 941 пациент стационарда, 23 927 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 616 адамның жағдайы ауыр; • 168 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 118 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.