Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 172 науқастың жағдайы өте ауыр

2021 жылғы 15 сәуір 08:50
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 172 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2021 жылдың 15 сәуіріндегі жағдай бойынша, 36 436 адам короновирус инфекциясынан (35 941 КВИ+ және 495 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың ішінде 12 451 пациент стационарда, 23 985 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 591 адамның жағдайы ауыр; • 172 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 127 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.