Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 188 науқастың жағдайы өте ауыр

2021 жылғы 7 мамыр 09:01
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 188 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 7 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 436 адам коронавирус инфекциясынан (41 965 КВИ+ және 471 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 14 551 пациент стационарда, 27 885 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 782 адамның жағдайы ауыр, • 188 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 115 науқас жасанды тыныс алу аппаратында аппаратында жатыр.