Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 50 адамның жағдайы өте ауыр

2021 жылғы 22 қаңтар 09:20
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 50 адамның жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 25 469 адам короновирус инфекциясынан (13 788 КВИ+ және 11 681 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың ішінде 6 791 пациент стационарда, 18 678 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 291 адамның жағдайы ауыр; • 50 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.