Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім 2,7 есе азайды

2021 жылғы 28 қыркүйек 09:25
Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім 2,7 есе азайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім 2,7 есе азайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда тамыз айының екінші жартысынан бастап эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы байқалады, науқастану 3,2 есеге, ал өлім-жітім 2,7 есеге төмендеді. Бүгінде 4 өңір «жасыл» аймақта тұр. Олар: Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары», - деді министр. Оның атап өтуінше, еліміздің 8 өңірі, атап айтқанда Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солүстік Қазақстан облыстары «сары» аймаққа кірді. «Қызыл» аймақта 5 өңір қалып отыр. Репродуктивтілік саны 0,88-ді құрайды», - деді Алексей Цой.