Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 4,7 мыңға жақындады

2020 жылғы 27 мамыр 12:53
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 4,7 мыңға жақындады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің 6 өңірінде тағы 56 адам коронавирус инфекциясынан жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 44, Шымкент қаласында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Ақмола облысында - 2, Ақтөбе облысында 3 науқас індеттен айықты.

Қазақстан бойынша жазылғандардың жалпы саны - 4669.

Нұр-Сұлтан қаласы – 974

Алматы қаласы – 1330

Шымкент қаласы – 230

Ақмола облысы – 106

Ақтөбе облысы – 175

Алматы облысы – 180

Атырау облысы – 236

Шығыс Қазақстан облысы – 50

Жамбыл облысы – 173

Батыс Қазақстан облысы – 252

Қарағанды облысы – 193

Қостанай облысы – 60

Қызылорда облысы – 231

Маңғыстау облысы – 111

Павлодар облысы – 148

Солтүстік Қазақстан облысы – 33

Түркістан облысы – 187

Бүгінге дейін еліміз бойынша коронавирус диагнозы барлығы 9304 адамға қойылды, қайтыс болды - 37 адам.