Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусты адамдарға қасақана жұқтыру тіркелген жоқ – ІІМ

2020 жылғы 10 тамыз 14:38
Қазақстанда коронавирусты адамдарға қасақана жұқтыру тіркелген жоқ – ІІМ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда КВИ адамдарға әдейі жұқтыру фактісі тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясын қасақана жұқтыру фактілері тіркелген жоқ», - деп хабарлады ҚР ІІМ ҚазАқпарат сауалына жауап ретінде.

Министрліктің мәліметінше, елдегі карантин шараларын қамтамасыз ету үшін 10 053 полиция қызметкері жұмылдырылған.

Соңығы мәліметке сәйкес, елде коронавирусқа қатысты 99 442 жағдай, COVID-19 белгісіне ұқсас 13 280 пневмония анықталды.

Бұған дейін, Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин режимін сақтамаған тұрғындар мен кәсіпкерлердің қалай жазаланатыны туралы айтқан болатын.