Жаңалықтар
-
26.01.2023 08:41
-
25.01.2023 08:20
-
24.01.2023 08:22
-
23.01.2023 21:54
-
23.01.2023 16:50
-
23.01.2023 16:45
-
23.01.2023 07:50
-
21.01.2023 09:02
-
20.01.2023 08:32
-
19.01.2023 09:15
-
16.01.2023 08:04
-
15.01.2023 09:50
-
14.01.2023 09:46
-
13.01.2023 08:23
-
12.01.2023 20:06
-
12.01.2023 09:06
-
11.01.2023 08:30
-
10.01.2023 09:33
-
10.01.2023 08:50
-
09.01.2023 09:20
-
09.01.2023 08:08
-
08.01.2023 10:58
-
08.01.2023 09:34
-
07.01.2023 09:52
-
06.01.2023 12:32
-
06.01.2023 08:43
-
05.01.2023 10:55
-
05.01.2023 09:04
-
04.01.2023 13:30
-
04.01.2023 13:28
-
04.01.2023 13:01
-
04.01.2023 10:22
-
04.01.2023 09:05
-
03.01.2023 09:34
-
02.01.2023 11:55
-
02.01.2023 10:28
-
01.01.2023 11:28
-
31.12.2022 09:25
-
30.12.2022 08:09
-
30.12.2022 00:23
«Қазақстанда коронавирустың омикрон ХВВ штамы анықталды» - ақпарат жалған
2023 жылғы 12 қаңтар 19:40

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда SARS-CoV-2 коронавирусының омикрон ХВВ штамы анықталғаны туралы ақпарат WhatsApp-та кеңінен тарап жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, бұл – жалған ақпарат. «Алынған штамдарды секвенирлеудің соңғы нәтижесі елімізде омикрон нұсқасы таралғанын 100 пайызға көрсетті. Қазақстанда омикрон ХВВ нұсқасы анықталған жоқ», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен. Сондай-ақ ҚР ДСМ мәліметінше, тәулігіне ел бойынша ПТР-тестілеудің 200-ге жуығы оң нәтиже, шамамен 10-ы теріс нәтиже көрсетеді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес барлық өңірлер және жалпы республика «жасыл» аймақта орналасқан. Соңғы аптада оның алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 4% төмендеді. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, XBB – омикрон нұсқаларының бірі. 2022 жылдың қазан айынан бастап ол әлемнің 38 елінде анықталды, науқастардың ең көп саны АҚШ-та тіркелген. Қазіргі уақытта аурудың клиникалық ауырлығы мен ХВВ нұсқасының эпидемиологиялық маңыздылығы бойынша зертханалық зерттеулер жалғасуда», - делінген stopfake.kz сайтында.