-
26.01.2023 08:41
-
25.01.2023 08:20
-
24.01.2023 08:22
-
23.01.2023 21:54
-
23.01.2023 16:50
-
23.01.2023 16:45
-
23.01.2023 07:50
-
21.01.2023 09:02
-
20.01.2023 08:32
-
19.01.2023 09:15
-
16.01.2023 08:04
-
15.01.2023 09:50
-
14.01.2023 09:46
-
13.01.2023 08:23
-
12.01.2023 20:06
-
12.01.2023 09:06
-
11.01.2023 08:30
-
10.01.2023 09:33
-
10.01.2023 08:50
-
09.01.2023 09:20
-
09.01.2023 08:08
-
08.01.2023 10:58
-
08.01.2023 09:34
-
07.01.2023 09:52
-
06.01.2023 12:32
-
06.01.2023 08:43
-
05.01.2023 10:55
-
05.01.2023 09:04
-
04.01.2023 13:30
-
04.01.2023 13:28
-
04.01.2023 13:01
-
04.01.2023 10:22
-
04.01.2023 09:05
-
03.01.2023 09:34
-
02.01.2023 11:55
-
02.01.2023 10:28
-
01.01.2023 11:28
-
31.12.2022 09:25
-
30.12.2022 08:09
-
30.12.2022 00:23
Қазақстанда маска режимі қашан аяқталады? Ералы Тоғжанов жауап берді

Күні кеше ғана шыққан жаңа қаулыға сәйкес тұрғындарға ашық ауада маскасыз жүруге рұқсат берілген еді. Естеріңізде болса, бүгінде әлемнің Ұлыбритания, Франция сынды елдерінде, тіпті көрші Қырғызстанда да қоғамдық жерлерде маска тағу міндеті ерікті түрге ауыстырылған болатын. Осыған орай, қазақстандықтарды да маска режимінен қашан толығымен бас тартамыз деген сауал мазалайтыны анық. Аталған сауалға Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет отырысының кулуарында жауап берді.
Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, Қазақстанда бүгінде коронавирус ахуалы тұрақты, ел бойынша тәулігіне қауіпті індетті жұқтырғандар саны 100-ден аспай отыр.
– COVID-19 бүгінде толықтай бақылауда. Қазіргі таңда Қазақстанда коронавируспен ауырғандар санының өсуіне қатысты алаңдаушылық жоқ. Сондықтан біз барынша талаптарды жеңілдету туралы шешім қабылдадық, – деді ол.
Десе де Ералы Тоғжанов еліміз әзірге маска режимінен толықтай бас тартпайтынын алға тартты:
– Қазір біз тек таза ауада, яғни көшеде маска тағып жүруді алып тастау туралы шешім қабылдадық. Ал ғимарат ішінде маскамен жүру мәселесіне келер болсақ, басқа эпидемиологиялық аурулардың, соның ішінде тұмаудың таралуына байланысты әзірге бұл шешімнен бас тарттық. Сол себепті ғимараттарда медициналық масканы бұрынғысынша тағуға кеңес береміз. Алдағы мереке күндерін ескерсек және осыған байланысты ұйымдастырыларын шараларды есепке алсақ, мұндай шешім өте орынды деп ойлаймын. Сосын тағы байқап көреміз, егер жағдай ушықпаса, әрине нақты шараларға көшеміз, – деді Премьер-министр орынбасары.
Ералы Тоғжанов елдегі маска режимінен бас тарту мәселесі көрші елдердегі коронавирусқа қатысты ахуалға да тікелей байланысты екенін атап өтті.
«Қазір жекелеген мемлекеттерде, соның ішінде көршілес елдерде де белгілі бір өсім бар... Біз өзге елдерден оқшау жатқан жоқпыз. Сондықтан халықаралық жағдайды да міндетті түрде ескеруіміз қажет, себебі бүгіннің өзінде 30-дан асп елде COVID-19 жұқтырғандардың белгілі бір өсімі байқалады», - деді Ералы Лұқпанұлы.
Ералы Тоғжанов сондай-ақ «Ashyq» қосымшасын қолданыстан алып тастау туралы сөз қозғай отырып, енді қазақстандықтар мейрамхана, кафелер мен кинотеатрларға емін-еркін бара алатынын атап өтті.
Авторы: Майнұр Ырсақ