Жаңалықтар

Қазақстанда осы кезде 3 мың 44 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр

2020 жылғы 9 қазан 15:40
Қазақстанда осы кезде 3 мың 44 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда осы кезде 3 044 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 74 сәби бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, еліміздің стационарларында осы кезде 1 950 науқас жатыр. 1 094 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 84 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.