Жаңалықтар

Қазақстанда осы уақытта 1 634 939 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

2021 жылғы 7 мамыр 09:35
Қазақстанда осы уақытта 1 634 939 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында 7 мамырдағы жағдай бойынша, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда осы уақытта Қазақстан бойынша коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 1 634 939 адамды құрап отыр. Вакцинаның екінші компонентін салдырғандар – 523 985.