Жаңалықтар

Қазақстанда осы уақытта 20 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

2021 жылғы 4 наурыз 09:20
Қазақстанда осы уақытта 20 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 4 наурызындағы ақпарат бойынша Қазақстанда коронавирустан емеделіп жатқандар саны 19053 адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақату министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың ішінде 4 418 пациент стационарда, 14 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 237 адамның жағдайы ауыр; • 45 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 51 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.